23.07.2007, 17:22 2844

Қазақстан Бельгия үкіметімен арадағы халықаралық автотасымал жөніндегі келісімді бекітті

АСТАНА. 23-шілде. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "ҚР үкіметі және Бельгия үкіметі арасындағы халықаралық автокөлік тасымалы жөніндегі келісімді бекіту туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, келісімнің мақсаты халықаралық автокөлік тасымалы саласындағы ынтымақтастықты дамыту және екі ел арасындағы автокөлік тасымалын жеңілдетуге саяды.

Бұл келісімнің ережелерін пайдалану Қазақстан жағы үшін тиімді, өйткені, бұл Қазақстаннан Ұлыбританияға жасалатын транспорттық автотасымалдың тиімді дәліздерінің бірі.

Келісімге 2006-жылдың 5-желтоқсанында Брюссельде қол қойылған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны