27.05.2013, 11:52 4034

Қазақстан биыл 14 мың бас ірі қара мал импорттауға ниетті

Ағымдағы жылы Қазақстанға 14 мыңға жуық ірі қара мал кіргізу жоспарланған, оған қоса "Сыбаға" бағдарламасы бойынша 42 мыңға жуық ірі қара аналық мал басын сатып алу қарастырылған, деп хабарлады бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ-ның басқарушы директоры Анас Баққожаев.

Астана. 27-мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстан биыл 14 мың бас ірі қара мал импорттауға ниетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ағымдағы жылы Қазақстанға 14 мыңға жуық ірі қара мал кіргізу жоспарланған, оған қоса "Сыбаға" бағдарламасы бойынша 42 мыңға жуық ірі қара аналық мал басын сатып алу қарастырылған, деп хабарлады бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ-ның басқарушы директоры Анас Баққожаев.

"Ағымдағы жылы 14 мың ірі қара мал импорттау жоспарланған, "Сыбаға" бағдарламасы бойынша 42 мың аналық мал басын және 1400 асыл тұқымды бұқа сатып алу қарастырылған", - деді А.Баққожаев.

Сонымен қатар, ол бүгінгі таңда 10,5 мың ірі қара малды кіргізу мақұлданғанын, "Сыбаға" шеңберінде 20,3 аналық мал басын және 1167 асыл тұқымды бұқа сатып алу мақұлданғанын айтып өтті.

Сонымен қатар, 1000 орындық мал жемдейтін алаң құрылысын қаржыландыру мақұлданған. Өз кезегінде ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерге өз қаражаттарына 13 мың орын мал жемдейтін алаңдар салу жоспарланған.

Бұдан өзге, ұлттық холдинг өкілінің айтуынша, Қазақстанда мемлекеттік-жекеменшіктік серіктестік негізінде ет кластері құрылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны