06.05.2008, 10:04 1668

Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын бекітті

Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын бекітті

Астана. 6-мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Президент Нұрсұлтан Назарбаев "Біріккен Ұлттар Ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын бекіту туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, конвенцияға қол қоюдағы мақсат - сыбайлас жемқорлықтың алдын тиімді әрі ықпалды алуға бағытталған шараларды қабылдау мен нығайтуға қолдау көрсетуге, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен оған қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықты жеңілдету мен қолдауға, соның ішінде, заңсыз жолмен тапқан активтерді қайтару шараларын қабылдауға септігін тигізуге саяды.

Конвенцияда "сыбайлас жемқорлықтың, соның ішінде мемлекеттік қызмет саласында, жариялы сатып алулар мен жариялы қаржыны басқаруда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, сондай-ақ, қоғамның сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға атсалысуына бағытталған шаралар кешені" қарастырылған.

Конвенцияны БҰҰ Бас ассамблеясы 2003 жылдың 31 қазанында Нью-Йоркте қабылдаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны