08.05.2007, 13:44 2592

Қазақстан Болгария үкіметімен арадағы өзара инвестицияларды қорғау және ынталандыру жөніндегі келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы бекітті

АСТАНА. 8-мамыр. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Өзара инвестицияларды қорғау және ынталандыру жөніндегі Қазақстан мен Болгария үкіметтері арасындағы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы бекіту жайындағы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Хаттамамен енгізілетін өзгертулер келісіммен белгіленетін режимнің ережелері кез-келген келісімге келуші жақтарға олардың кедендік, экономикалық және валюталық одаққа, біртұтас нарыққа немесе еркін сауда аймағына мүше болуына байланысты берілген немесе болашақта берілетін артықшылықтарға қатысты қолданылмайтындығын заңдастырады.

Келісім Қазақстан Республикасының 2001-жылғы 15-мамырдағы заңымен бекітілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны