12.03.2014, 20:31 2691

Қазақстан Бразилияны ЭКСПО-2017 көрмесінің павильондарын ұйымдастыруға шақырды

Сыртқы істер министрлігінен хабарлағандай, кездесу барысында экономика, мәдениет және спорт саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Алматы. 12 наурыз. Kazakhstan today. Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Елшісі
Б.Ордабаевтың Сан-Пауло қаласының Мэрі Ф.Хаддадпен кездесуі болып өтті.

Сыртқы істер министрлігінен хабарлағандай, кездесу барысында экономика, мәдениет және спорт саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сұхбат барысында қазақстандық дипломат Сан-Пауло Мэрін 2017-2018 жж. БҰҰ ҚК-нің Тұрақты емес мүшесі ретінде, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу және 2022 жылы Алматы қаласында қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге өз кандидатурасын жылжыту сияқты Қазақстанның халықаралық бастамалары туралы хабардар етті.

Ф.Хаддад Бразилиядағы ҚР Елшілігіне ЭКСПО-2017 көрмесі шеңберінде Астана қаласында бразилиялық көрме павилиондарын ұйымдастыруға шақырғаны үшін зор алғысын білдірді.

Сұхбаттасушылар 2013 жылғы қазанда ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовтың Бразилияға ресми сапары шеңберінде Сан-Пауло қаласында ҚР және ФРБ іскер топтарының қатысуымен өткізілген бизнес-семинардың табысты өткенін атай отырып, ҚР Елшісі Сан-Пауло Мэріне 2014 жылғы 21-23 мамырда өткізілуі жоспарланып отырған кезекті VII Астаналық экономикалық форумға қатысуға шақыру хатын тапсырды.

Екі елдің ірі қаржы және мәдени орталықтары болып саналатын Алматы және Сан-Пауло қалалары арасында достық қарым-қатынас орнату мәселесін пысықтап, сондай-ақ болашақта бірқатар біріккен мәдени іс-шаралар өткізу жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны