01.12.2016, 11:17 4155

Қазақстан бүгін ҚР Тұӊғыш Президенті күнін атап өтуде

Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылғы 10 желтоқсанда Қазақ КСР-ін Қазақстан Республикасы етіп қайта атау туралы заӊға қол қойды, ал 1991 жылғы 16 желтоқсанда Жоғарғы кеӊес Қазақстанныӊ мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады.

Астана. 1 желтоқсан. Kazakhstan Today - Елімізде 1 желтоқсанда мемлекеттік мейрам - Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті күні атап өтіледі.

2011 жылғы желтоқсанда Қазақстан Парламенті ҚР Тұӊғыш Президенті күні жаӊа мемлекеттік мейрамын құру туралы заӊ қабылдаған болатын.

Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті күні алғаш рет 2012 жылғы 1 желтоқсанда атап өтілді.

"Қазақстанныӊ Тұӊғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел бірлігін, Конституциясыныӊ, адамдары мен азаматтарыныӊ құқықтары мен бостандығыныӊ қорғалуын қамтамасыз еткен жаӊа тәуелсіз мемлекеттіӊ негізін қалаушы. Тұӊғыш Президенттіӊ жетістіктері үлкен құрмет және халық тарапынан сенім туғызады", - делінген Сенаттыӊ заӊ жобасы бойынша қорытынды сөзінде.

1991 жылғы 1 желтоқсанда жалпы халықтық сайлау нәтижесінде дауыс берушілердіӊ 98,7 %-ы Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс берді.

Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылғы 10 желтоқсанда Қазақ КСР-ін Қазақстан Республикасы етіп қайта атау туралы заӊға қол қойды, ал 1991 жылғы 16 желтоқсанда Жоғарғы кеӊес Қазақстанныӊ мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады.

Қазақстанда Мемлекет басшысыныӊ басшылығымен жүргізіліп жатқан ішкі және сыртқы саясат әлеуметтік бағдарланған экономикасы бар, заманауи, қарқынды түрде дамып келе жатқан мемлекеттіӊ құрылуын қамтамасыз етті.

1 желтоқсан Қазақстанда демалыс күні болып табылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны