04.01.2017, 18:53 3284

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеӊесініӊ отырысына алғаш рет қатысты

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеӊесініӊ тұрақты емес мүшесі ретінде Кеӊестіӊ 2017 жылғы алғашқы отырысына қатысты

Астана. 4 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеӊесініӊ тұрақты емес мүшесі ретінде Кеӊестіӊ 2017 жылғы алғашқы отырысына қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Отырыс барысында Қауіпсіздік кеӊестіӊ 2017 жылдыӊ қаӊтарына арналған бағдарламасы бекітілді. Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасыныӊ уақытша сенімді өкілі Барлыбай Садықов таныстырды.

Осы күні Қауіпсіздік кеӊесі мүшелері Боливия, Ұлыбритания, Мысыр, Италия, Қазақстан, Қытай, Ресей, Сенегал, АҚШ, Украина, Уругвай, Франция, Швеция, Эфиопия және Жапониядан келген делагациясы жетекшілерініӊ дәстүрлі жұмыс бабындағы кездесуі болды. Шара Швеция Корольдігініӊ миссиясында осы елдіӊ тұрақты өкілі Олаф Скугтыӊ төрағалығымен өтті. Ол ҚК-ні 2017 жылдыӊ қаӊтарынан бастап басқарады, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Б.Садықов БҰҰ Қауіпсіздік кеӊесі мүшелерініӊ алдында осы органныӊ жұмысында Қазақстан үшін маӊызды мәселелерді баяндап берді. Бұл - алдын алу дипломатиясы және сенім шараларын нығайту, дау-жанжалдарды таратпау, реттеу және халықаралық терроризмге қарсы тұру. Ол Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ 25 жыл бұрын БҰҰ-да айтқан Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі Кеӊесін шақыру туралы бастамасы сәтті іске асқанын айтты. Диалогтық форум Азия құрлығындағы қауіпсіздікті нығайтуға айтарлықтай үлес қосқанын жеткізді. Мемлекет басшысыныӊ "Бейбітшілік. XXI ғасыр" манифесініӊ өзектілігін айта келе, қазақстандық өкіл БҰҰ жүзжылдығына қарай 2045 жылы ядролық қарусыз, соғыссыз және дау-жанжалсыз әлем құру үшін күш біріктірудіӊ маӊыздылығына назар аударды.

4 қаӊтарда Кеӊестіӊ Сириядағы (елдегі химиялық қаруға) және Ирактағы (гуманитарлық аспект) жағдайларға байланысты жабық консультациялары өтеді.

Осы айдыӊ негізгі шараларыныӊ бірі - жоғары деӊгейдегі БҰҰ ҚК ашық пікірталастары. Биылғы жылдыӊ 10 қаӊтарында "Дау-жанжалдыӊ алдын алу және бейбітшілікті сақтау" тақырыбында өтеді деп жоспарланған. Кездесу барысында Кеӊес мүшелері осы саладағы өздерініӊ артықшылықтары және БҰҰ жаӊа басшылығыныӊ қолдауы туралы мәлім етеді деп күтілуде. Оған БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш және Қауіпсіздік кеӊесіне мүше мемлекеттердіӊ сыртқы саясат ведомстволарыныӊ бірқатар басшылары, соныӊ ішінде Қазақстанныӊ сыртқы істер министрі Қайрат Ибдірахманов қатысады.

17 қаӊтарда тұрақты өкілдер деӊгейінде Палестина мәселесімен қоса, Таяу Шығыстағы жағдай бойынша дәстүрлі, тоқсандық ашық пікірталастар өтеді.

Қауіпсіздік кеӊесініӊ шешіміне сәйкес осы жылдыӊ бірінші айында баспасөз мәслихаттары және жабық консультациялар барысында мына елдер және өӊірлердегі: Йемендегі, Конго Демократиялық Республикасындағы, Орталық Африка Республикасындағы (ОАР), Судандағы (Дарфур және Абьей провинцияларында) және Оӊтүстік Судандағы, Батыс Африкадағы және Сахельдегі, Малидағы, Чадтағы, Сомалидегі, Кипрдағы, Колумбиядағы жағдай талқыланады. Сондай-ақ иран ядролық бағдарламасы бойынша 2231 қарарыныӊ орындалу мәселесі қаралады.

Қазақстанныӊ төрағалығымен БҰҰ ҚК комитеттерініӊ Сомали және Эритрея бойынша, сондай-ақ терористік топтармен күрес жөніндегі отырысы өтеді.

2017 жылдыӊ қаӊтарында Қауіпсіздік кеӊесі Кипр және ОАР-дағы жағдай бойынша, сондай-ақ ҚК мүшелері арасында келісімге қол жеткізу жағдайында, Сирия Араб Республикасындағы химиялық қаруға байланысты жоспарлы қарарлар қабылдайды деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны