21.12.2007, 16:07 2641

Қазақстан БҰҰ-ның азаптауға қарсы конвенциясына қосымша факультативтік хаттаманы 2008 жылдың І тоқсанында бекіте алады - Иділет министрлігі

Қазақстан БҰҰ-ның азаптауға қарсы конвенциясына қосымша факультативтік хаттаманы 2008 жылдың І тоқсанында бекіте алады - Иділет министрлігі

Астана. 21 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан адамды азаптауға және адамның қадір-қасиетін таптайтын басқа да адамшылықтан ада жаза түрлеріне қарсы конвенцияға қосымша факультативтік хаттаманы 2008 жылдың І тоқсанында бекіте алады. Бүгін "Азаптауды жою перспективалары және Қазақстанның осы саладағы өз міндеттемелерін орындауы" атты дөңгелек үстел барысында ҚР Иділет министрлігінің халықаралық құқық департаментінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі бөлімінің бастығы Қарлығаш Қандыкерова осындай пікір білдірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас ассамблеясының 2007 жылғы қыркүйектің аяғында өткен 62-ші сессиясына қатысу аясында БҰҰ-ның азаптауға қарсы Конвенциясының факультативтік хаттамалары мен Азаптау және басқа да адамның қадір-қасиетін түсіретін қатігез жазаларды қолдану мен адамшылықтан жат қарым-қатынастарға қарсы Конвенциясына қол қойды. Бұл хаттамаға қол қойылғаннан кейін Иділет министрлігі құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып осы хаттаманы бекіту жөніндегі заңның жобасын жасады. Бас прокуратура, ҰҚК, ІІМ мен қаржы полициясы оны қандайбір ескертулерсіз мақұлдады, алдағы уақытта біз бұл заң жобасын үкіметтің қарауына ұсынбақшымыз", - деді Қ. Қандыкерова.

"Келесі жылдың қаңтар-ақпан айларында біз бұл заң жобасын парламентке енгізбекшіміз, 2008 жылдың І тоқсанында ол бекітіледі деп сенеміз. Бұдан кейін біз депозитарийге (БҰҰ бас хатшылығы мен БҰҰ-ның азаптауға қарсы комитеті) Қазақстанның аталған факультативтік хаттаманы толық қабылдағаны туралы нота жібере аламыз", - деді ол.

Иділет министрлігінің өкілі осы факультативтік хаттамаға сәйкес оған қатысушы мемлекет өз аумағында БҰҰ-ның азаптауға қарсы комитетінің кіші комитетін қабылдап, оған бас бостандығынан айыру және тұтқында ұстау орындарына бару мүмкіндігін беруге міндеттеме жүктейтінін еске салды. "Хаттаманың бір міндеттемесі азаптауға қарсы ұлттық превентивті тетіктерді міндетті түрде дәйектеу және олардың мемлекетке тәуелді болмауына саяды", - деді Қ. Қандыкерова.

Оның айтуынша, "қазірде елімізде осындай тетіктерді дәйектеудің алғышарттары жасалып, олар адам құқығы жөніндегі уәкілдің іс-қызметі тетіктеріне, сондай-ақ, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамамасмыз етуге қоғам тарапынан бақылау жасауды қарастыратын юрисдикция органдары туралы заңдарға негіз етіп алынған", - дейді бөлім бастығы.

Дегенмен, оның айтуынша, мемлекеттен тәуелсіз ұлттық жеке тетіктерді жасау үшін уақыт қажет. Осыған байланысты ол аталған факультативтік хаттаманың 24-ші бабын еске салды, онда қатысушы мемлекетке өзінің ұлттық заңнамасын осы конвенцияның нормаларына сәйкестендіруге мұрсат беру мүмкіндігі қарастырылған.

"Яғни, аталған факультативтік хаттаманы бекіткен соң біз оны басқа да мемлекеттік органдармен бірлесе отырып оның нормаларын ұлттық заңнамамызға сәйкестендіретін боламыз", -деді Қ. Қандыкерова.

Сонымен бірге ол Қазақстанның БҰҰ-ның азаптауға қарсы конвенциясының 21 және 22-баптарын мойындағаны, соған сәйкес, қатысушы мемлекеттің БҰҰ-ның тиісті құрылымларының өкілеттілігін, Қазақстан азаматтарының БҰҰ-ның азаптауға қарсы комитетіне жазған шағымдарын қарастыру құқығын мойындайтынын атап өтті. "Қазіргі жағдаймен біз тиісті өтінішке қол қойдық, ол президенттің жарлығымен бекітілді, таяудағы уақыттарда Сыртқы істер министрлігі оны БҰҰ бас хатшылығы мен БҰҰ-ның азаптауға қарсы комитетіне жіберіп, Қазақстанның аталған комитеттің уәкілеттілігін мойындағанын хабарлайды", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны