11.06.2012, 12:39 2778

Қазақстан Caratube компаниясына қарсы төрелік іс-талқылауда жеңді

2012 жылғы 5 маусымда Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталықтың (ИДРХО) төрелік алқасы Қазақстан Республикасы мен Caratube Internatioanl Oil Company LLP (CIOC) компаниясы арасындағы істі талқылау бойынша шешім шығарды.

Астана. 11-маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан Caratube компаниясына қарсы төрелік іс-талқылауда жеңді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2012 жылғы 5 маусымда Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталықтың (ИДРХО) төрелік алқасы Қазақстан Республикасы мен Caratube Internatioanl Oil Company LLP (CIOC) компаниясы арасындағы істі талқылау бойынша шешім шығарды.

ҚР Иділет министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, CIOC талаптарының жалпы сомасы 1, 2 млрд АҚШ долларынан астам болды. ИДРХО бұл талаптарды қабылдамай, CIOC-қа Қазақстанға сот шығындарының өтемі ретінде 3, 2 млн АҚШ долларын өтеуді өкім етті.

Төрелік іс талқылау бұдан төрт жыл бұрын басталған болатын. Іс бойынша негізгі тыңдаулар Париж қаласында орын алды.

Іс Қаратөбе мұнай кен орнындағы көмірсутекті барлау мен өндіруге келісім-шартының CIOC-тың сол шарт ережелерін сақтамауы себебінен бұзылуымен байланысты. CIOC-тың пайымдауынша, бұл іс-талқылауға негіз болған және компанияның бояма иесі Девинчи Хуранидің АҚШ азаматтығына байланысты ИДРХО Конвенциясы мен Қазақстан мен АҚШ арасындағы екіжақты инвестициялық келісім.

Компанияның формалды түрде Девинчи Хуранидің иелігінде болғанына қарамастан, төрелік алқа CIOC дәлелдерін қайтарып, істің өз қарауына жатпайтындығы жөнінде шешім шығарды. Төрелік алқаның қорытындысы бойынша, Девинчи Хуранидің инвестиция құйып CIOC-ты өзі басқаруы жөнінде жеткілікті дәлелдер келтірілмеді.

Бұл төрелік іс талқылау барысындағы мемлекет мүдделерін қорғауға байланысты жұмыстарды Қазақстан Республикасы Иділет министрлігі үйлестірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны