05.03.2010, 14:53 3030

Қазақстан дамыған елдердің деңгейіне шығуға талпынуға тиіс - мемлекет басшысы

Қазақстан дамыған елдердің деңгейіне шығуға талпынуға тиіс - мемлекет басшысы

Астана. 5 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстан дамыған елдердің деңгейіне шығуға талпынуға тиіс. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Ақордада әйелдер қауымының өкілдерін құттықтау сөзінде атап өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Мен өзімнің соңғы жолдауымда еліміздің алдағы 10 жылдағы даму мақсаттарын белгіледім. Қазір біз осы бағдарламаның бірінші бесжылдығының жоспары бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Бұл бағдарламаны іс жүзінде "Қазақстанның лидерлікке жолы" деп, соған бағдар ұстаған құжат деп атауға болады", -деді Н. Назарбаев.

Ол атап көрсеткендей, "Қазақстан өткен жылдарда бұрынғы кеңестік кеңістіктегі бір жетекші ел болды, бірақ - бұл аз".

"Өзімізді бұрынғы кеңестік кеңістіктегі елдермен емес, дамытған мемлекеттермен салыстыратьын кез жетті. Солардың даму деңгейіне көтерілуге талпыну керек. Мұндай ұлығаусар жоспарды біз еңсере аламыз", - деді мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны