17.02.2014, 19:55 3362

Қазақстан дәрігерлік кадрлармен қамту саласы жағынан 10 орында - ДСМ

Сапалы медициналық көмек, бірінші кезекте, бұл медицина мамандарының жоғары кәсібилігі. 2013 жылы тек республикалық бюджет есебінен 34,8 мыңдай маман біліктіліктерін арттыру шараларына араласты.

Алматы. 17 ақпан. Kazakhstan today. Қазақстан саланы дәрігерлік кадрлармен қамту деңгейі жағынан 10 орында, дейді ҚР денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова 2011-2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды талқылау барысынағы Мәжілістегі Үкіметтік сағатта мәлімдеді.

"Сапалы медициналық көмек, бірінші кезекте, бұл медицина мамандарының жоғары кәсібилігі. 2013 жылы тек республикалық бюджет есебінен 34,8 мыңдай маман біліктіліктерін арттыру шараларына араласты. Денсаулық сақтау саласындағы кадрлық ресурсты арттырудың кешенді жоспары арқылы мемлекеттік жоспарлау жүйесі, медицина мамандарының қажеттіліктерін болжау, медбикелік қызметті ұйымдастыру тұжырымдамасын енгізу қарастырылған", - дейді еліміздің бас дәрігері.

Сонымен қатар, оның айтуынша, өңірлердегі кадрлық тапшылықты жабу тапсырмасының актуалдығын ескерсек, Қазақстан қазірде саланы дәрігерлік мамандармен қамтамасыз ету деңгейі жағыгаг әлемде 10 орынға ие.

"Дамыған елдердің тәжірибесіен білім мен біліктілікті бағалаудың тәуелсіз республикалық орталығы ашылды. Қазіргі таңда бағалау шараларына кәсіби медицналық қауымдастық мамандары тартылуда. Одан кейін бағалау шаралары барлық медициналық қауымдастық қызметі саласына берілетін болады", - дейді Салидат Қайырбекова.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны