15.01.2018, 15:24 4648

Қазақстан делегациясы Абу-Дабидегі IRENA Ассамблеясыныӊ VIII сессиясына қатысты

Қанат Бозымбаев бастаған Қазақстан делегациясы Абу-Дабиде (Біріккен Араб Имірліктері) 13-14 қаӊтарда өтетін Жаӊартылатын энергия көздері жөніндегі халықаралық агенттік (IRENA - International Renewable Energy Agency) Ассамблеясыныӊ VIII сессиясыныӊ жұмысына қатысты.

Астана. 15 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы (ҚР) Энергетика министрі (ЭМ) Қанат Бозымбаев бастаған Қазақстан делегациясы Абу-Дабиде (Біріккен Араб Имірліктері) 13-14 қаӊтарда өтетін Жаӊартылатын энергия көздері жөніндегі халықаралық агенттік (IRENA - International Renewable Energy Agency) Ассамблеясыныӊ VIII сессиясыныӊ жұмысына қатысты.

Қ.Бозымбаев IRENA Ассамблеясыныӊ VIII сессиясыныӊ пленарлық отырысында сөз сөйледі.

Сонымен қатар, Ассамблея сессиясыныӊ алаӊында ОҚО Арыс қаласындағы күн электр станциясыныӊ (14 МВт) құрылысы бойынша "Задарья" жобасын қолдау бойынша ҚР ЭМ, Еуропалық қайта құру және даму банкі және "URBASOLAR" арасында келісімге қол қойылады деп күтілуде.

Ассамблея сессиясыныӊ жұмысы аясында министрліктіӊ бірнеше тақырып бойынша дөӊгелек үстелдері ұйымдастырылады: "Энергия трансформациясыныӊ жаһандық үдеткіші: жаӊартылатын энергия көздеріне ауқымды инвестициялар", "Энергияны жаӊартуға арналған инновациялар: электронды мобильділік".

Сондай-ақ, Қ.Бозымбаевтыӊ IRENA Бас директоры Аднан Зе Амин мырзамен, Біріккен Араб Имірліктерініӊ Энергетика және өнеркәсіп министрі С. Аль-Мазруи мырзамен және "Mubadala Investment Company" мемлекеттік инвестициялық компаниясыныӊ мұнай-газ және мұнайхимиялық жобалары жөніндегі бас атқарушы директоры, "Borealis AG" компаниясыныӊ қадағалау кеӊесініӊ мүшесі Мусаббех әл-Кааби мырзамен жеке кездесулері күтілуде.

IRENA Ассамблеясыныӊ 8-ші сессиясыныӊ жұмысы аясында ADFD/IRENA жобаларын қаржыландырудыӊ VI циклына қатысу мүмкіндігі қарастырылуда.

Қазақстан делегациясы сонымен қатар 15 қаӊтарда Абу-Дабиде өтетін "Болашақтыӊ энергиясы" атты XIДүниежүзілік саммитініӊ ашылу салтанатына және "Zayed Future Energy Prize" халықаралық сыйлығыныӊ тапсыру салтанатына да қатысуға ниетті, сондай-ақ осыныӊ аясында халықаралық көрмеге және қазақстандық павильонныӊ жұмысымен танысады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны