09.06.2014, 22:13 3950

Қазақстан делегациясы Куба Республикасына сапармен барды

Қазақстандық делегация Куба Сыртқы істер министрінің орынбасары Рохелио Сиерра басқарған кубалық делегациямен ведомствоаралық консультациялар өткізді.

Алматы. 9 маусым. Kazakhstan today. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев басқарған .

Қазақстандық делегация Куба Сыртқы істер министрінің орынбасары Рохелио Сиерра басқарған кубалық делегациямен ведомствоаралық консультациялар өткізді. Екі жақты форматтағы, сондай-ақ БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелерінің кең жиыны талқыланды. Тараптар саяси диалогтың күшеюі мен екі жақты құқықтық негіздің дәйекті түрде кеңеюін қанағат сезіммен атап өтті.

Тараптар парламентаралық байланыстарды екі жақты форматта да, әрі халықаралық бірлестіктер шеңберінде де кеңейту, ҚР және Кубаның саяси партиялары арасында тікелей диалог орнату, сонымен қатар ядролық қарусыздану мен таратпау саласындағы ынтымақтастықты жандандыруды қолдайтындарын атап өтті.

Сауда-экономикалық және инвестициялық әріптестікті кеңейту қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

Сапар барысында Е. Ашықбаев Куба Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің сыртқы істер департаменті басшысының орынбасары Оскар Мартинес пен Кубаның Халық билігі ұлттық ассамблеясы төрағасының орынбасары Ана Мария Мачадомен кездесті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны