17.02.2014, 20:09 3185

Қазақстан делегаттары Мексикадағы халықаралық конференцияда ядроға қарсы бастаманы таныстырды

Егер алғашқы форумның қатысушылары ядролық қаруды таратудан келер әсер мен жалпы ядролық қару жайлы ойларын ортаға салса, екінші форум негізінен сараптамалық деңгейдегі тәжірибе бөлісу сипатында өткізілді.

Алматы. 17 ақпан. Kazakhstan today. Қазақстан делегаттары биылғы жылдың 13-14 ақпанында Мексикада өткен ядролық қаруды қолданудың гуманитарлық әсерлері жайлы Екінші халықаралық конференцияда ядролық қарулануды қысқарту туралы әлемдік қауымдастықтың арықарай координациялық бірігуінің қажеттілігі туралы елдің бағытын таныстырды.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, ҚР Сыртқы істер министрлігі дипломаттары ядролық сынақтардан зиянға ұшыраған өңірлерді қалыпқа келтіру мен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың халықаралық бастамасы АТОМ жобасын қосқанда жаһандық ядролық қарусыздану процесіне қатысуға бағытталған халықаралық аренадағы нақты қадамдар туралы республиканың қолға алған істері жайы конференция қатысушыларына ақпарат берді.

Конференция барысында ҚР СІМ ерекше тапсырмалар бойынша елшісі Роман Василенко "Семей полигоны мәселесінің шешімінің қажеттілігі 1997 жылдан бастап халықаралық қауымдастықтың келісіміне ие болып отыр. БҰҰ Бас Ассамблеясы жағдайдың күрделілігін мойындап, халықаралық қауымдастықтың ат салысуын қажет ететін алты резолюция қабылдап, Қазақстандағы Семей өңірінің экологиялық және экономикалық дамуы мен халықтың оңалуы мақсатында координациясын қабылдады. Бүгінде қабылданып жатқан мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламалармен және халықаралық көмектермен қатар аталмыш процестердегі халықаралық қауымдастықтың қатысу керектігі күн тәртібінен түспей отыр".

АТОМ жобасы аясындағы шараларға келер болсақ, қазақстандық дипломаттың айтуынша, ҚР Президентінің бейбітшілікке шақыратын бастамасы кең көлемде халықаралық қолдауға ие болып отыр. Сонымен қатар, бүгінде АТОМ жобасының Ядролық сынақты тыю туралы келісімінің күшіне енуіне бағытталған әлем елдері үкіметіне деген онлайн-петициясын әлемнің 100 елінен 80 000 адам қолдап отыр.

Хабарламада айтылғандай, Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы күнінен бастап әлем елдерін ядролық қарусыздануға шақыруы ҚР Президентінің жеке басының саяси беделін өсіретін шара болуымен қатар барлық қазақстандық дипломаттардың да мерейін үстем етеді және 2014-2020 жылдарға арналған елдің сыртқы саясаты тұжырымдамасының басым бағыты болмақ.

"Біздің байқағанымыз, мемлекет неғұрлым осындай адамзаттық қатынастардың фундаменттік ұстанымдарына көбірек мән беретін болса, соның ішінде келісім, бейбітшілік, түсіністік, сыйластық пен өзара пайдалы әріптестік секілді құндылықтарды жоғары қоятын болса, соғұрлым ол елдің ұстанған саясатында өзге елдермен қырғи-қабақтық орын алмай, әлемнің бейбітшілігіне өзінше үлес қоспақ", - дейді Қазақстаннан барған өкіл.

Шараға қатысушылар әлемде толықтай ядролық қарудың тыйылуының қажеттілігі мен ядролық сынақтардың адамзат баласына алып келген қасіретін баяндайтын және ядролық қарудың көзін жоюға шақыратын АТОМ халықаралық жобасы қатысушыларының қысқаметражды деректі фильмін көрсетті.

Аталмыш конференция екінші халықаралық форум болып отыр. 130 ел қатысқан, соның ішінде Қазақстан да бар, алғашқы конференция 2013 жылдың наурыз айында Осло қаласында өткен болатын. Егер алғашқы форумның қатысушылары ядролық қаруды таратудан келер әсер мен жалпы ядролық қару жайлы ойларын ортаға салса, екінші форум негізінен сараптамалық деңгейдегі тәжірибе бөлісу сипатында өткізілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны