04.06.2014, 23:44 3177

Қазақстан Дүниежүзілік банктің энергия үнемдеу грантына ие болды

"Дүниежүзілік банк 20 млн доллардың жобасын жүргізуде, бұл энергия үнемдеу бағыты бойынша. Мен жобаны жылдамдатып жүзеге асыруды сұраймын, себебі біз өндіріс пен тұрғын үй секторындағы жұмысты ұтымды қолдануға қолғабыс көрсете аламыз", - деді Сародж Кумар Джа.

Алматы. 4 маусым. Kazakhstan today. Дүниежүзілік банк Қазақстанда энергия үнемдеу бойынша жобаларды жүзеге асыруға қаржылай қолдау көрсетеді, деп хабарлады бүгін "Қазақстанда энергия тиімділігін қаржыландыру және жүзеге асыру тетіктері" конференциясында ҚР индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі Альберт Рау.

"Энергия үнемдеу бағдарламасын жүзеге асыру біз үшін өте өзекті. Гранттық келісімге дайындалып, оған сәйкес Қазақстан қаржыландыруға ие болады, сосын біз мектептер мен ауруханалардың белгілі санымен пилоттық жобаларды жүзеге асыра аламыз, сонда адамдар сомасы жағынан қомақты болмаса да, үнемдеу бойынша іс-шаралардың орындалуы жағынан өте тиімді екенін көре алады", - деді А.Рау.

Өз кезегінде, Орталық Азия бойынша Дүниежүзілік банктің өңірлік директоры Сародж Кумар Джа атап өткендей, Дүниежүзілік банк Қазақстанның электр үнемдеу жобаларын қаржыландырады.

"Дүниежүзілік банк 20 млн доллардың жобасын жүргізуде, бұл энергия үнемдеу бағыты бойынша. Мен жобаны жылдамдатып жүзеге асыруды сұраймын, себебі біз өндіріс пен тұрғын үй секторындағы жұмысты ұтымды қолдануға қолғабыс көрсете аламыз", - деді Сародж Кумар Джа.

" "Электр энергиясын дамыту және энергиямен қамтамасыз ету институты" АҚ басқарма төрағасы Жақып Бөкенбаев аталмыш келісім үкіметте екенін атап өтті, оның айтуынша жоба аяқталу уақыты - 2017 жыл.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны