14.01.2010, 17:53 5408

Қазақстан ЕҚЫҰ-ына Trust, Traditions, Transparency, Tolerance деген ұрандармен төрағалық жасайды - Назарбаев

Қазақстан ЕҚЫҰ-ына Trust, Traditions, Transparency, Tolerance деген ұрандармен төрағалық жасайды - Назарбаев

Алматы. 14 қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстан ЕҚЫҰ-ына Trust, Traditions, Transparency, Tolerance деген ұрандармен төрағалық жасайды. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалығы жайлы ресми сайтта орналастырылған өзінің бейнемәлімдемесінде айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымында қалыптасқан дәстүрге сәйкес біз қазіргі төрағалығымыздың, ұйымға төраға болатын елдің мазмұндық бірегейлігінің нышан белгісі болатын өз ұранымызды жариялаймыз. Қазақстан ЕҚЫҰ-ына Т әрпімен басталатын төрт сөзбен ұран тастайды: Trust - сенім, Traditions - дәстүр, Transparency - транспранттілік және Tolerance - толеранттылық", - деді Н. Назарбаев.

"Біріншісі - біз қазір аса қажетсініп отырған бір-бірімізге деген сенімділік. Екіншісі - ЕҚЫҰ-ның басты принциптері мен құндылықтарына бағыну. Үшіншісі - жоғарғы деңгейдегі ашықтық, халықаралық қатынастардағы транспаренттілік, екіжүзді стандарттар мен араға жік салатын сызықтардан еркіндікке ие халықаралық қатынастар, қауіп-қатерлер мен қауіпсіздікке төнген қатерлерді еңсеруде конструктивті ынтымақтастыққа бағдар ұстау. Ең соңғы- төртіншісі - мәдениетаралық, өркениетаралық диалогты нығайту бойынша ғаламдық ағымдардың көрініс табуы қазіргі әлемде айрықша маңызға ие бола түсуде", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны