19.02.2014, 19:33 3255

Қазақстан экономиканың түрлі салаларындағы ЕИБ-мен біріккен жобаларды қолға алуға дайын - С.Ахметов

Үкімет басшысының айтуынша, "ЕИБ-пен ынтымақтастық құру Қазақстанның басты стратегиялық әріптестерінің бірі болып табылатын Еуроодақпен қатынасты дамытуда кешенді элемент болмақ".

Алматы. 19 ақпан. Kazakhstan today. Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Еуропа инвестициялық банкінің вице-президенті Вильгельм Мольтерерді қабылдады.

ҚР Үкімет басшысының ресми сайтының мәліметінше, әңгіме барысында тараптар инвестициялық-қаржылық саладағы екіжақты қарым-қатынастың болашағы мен басты бағыттарына тоқталды.

Үкімет басшысының айтуынша, "ЕИБ-пен ынтымақтастық құру Қазақстанның басты стратегиялық әріптестерінің бірі болып табылатын Еуроодақпен қатынасты дамытуда кешенді элемент болмақ".

С.Ахметовтың айтуына қарағанда, "Қазақстан экономиканың түрлі салаларында, соның ішінде индустриялды және аграрлы секторларда ЕИБ-мен, өзге де халықаралық қаржы институттарымен біріккен жобаларды қолға алуға дайын".

Сонымен қатар Үкімет басшысы ЕИБ, ҚДБ және "Ресей Сбербанкі" арасында түзілген қаржылық келісімдердің елдің индустриялық-инновациялық дамуына жол ашатынына сенім білдірді.

Тараптар екіжақты келісімнің барлық спектрі бойынша әріптестікті кеңейту мен тереңдету керектігін айтысты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны