28.02.2007, 12:27 3392

Қазақстан экономикасы электр қуаты ресурстарын басқаруда мүлдем басқаша көзқарас ұстануды талап етеді - Елбасы

АСТАНА. 28-ақпан. Kazakhstan Today. Қазақстан экономикасы электр қуаты ресурстарын басқаруда мүлдем басқаша көзқарас ұстануды талап етеді. Бұл туралы президент Нұрсұлтан Назарбаев бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арнаған жолдауында мәлімдеді деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біздің күн санап өсіп келе жатқан экономикамыз электр қуаты ресурстарын басқаруда мүлдем басқаша көзқарас ұстануды, Қазақстанда атом энергетикасының негізін қалауды талап етеді",- деп мәлімдеді президент.

"Бұл өңір әкімдерінің, индустрия және сауда, көлік және коммуникациялар, білім және ғылым, энергетика және минералды ресурстар министрліктері мен мемлекеттік холдингтердің жауапкершілігіндегі іс", деп атап көрсетті Елбасы.

"Бұл аса күрделі міндет, өйткені, экономиканың дамуы энергетикалық қамтамасыздықтың көлеміне арқа сүйейді, сондықтан біз осы мәселені түпкілікті шешуіміз қажет",- деді мемлекет басшысы.

Осыған байланысты Н.Назарбаев Балхаш маңында жылу электр станцияларын салу мәселесін шешу қажет деп санайды. "Артық ақшасы бар банкиерлер мен барлық холдингтерді мемлекетпен бірлесе отырып осынау аса маңызды нысан - станцияны тез арада салу қажет",- деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны