21.05.2009, 11:12 1366

Қазақстан экономикасы жылдың екінші жартысында жандана бастауы мүмкін - Назарбаев

Қазақстан экономикасы жылдың екінші жартысында жандана бастауы мүмкін - Назарбаев

Астана. 21 мамыр. "Қазақстан Бүгін"- Қазақстан экономикасы жылдың екінші жартысында жандана бастауы мүмкін. Бұл туралы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кеше Қазақстан ұлттық арнасы мен "Хабар" агенттігінің журналистеріне берген арнайы сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Алла бұйыртса, алдағы уақытта бәрі дұрыс болады, дүниежүзіндегі ағым жақсара бастағанға ұқсайды, яғни, біз жылдың екінші жартысында экономика жандана бастайды деп айта аламыз", - деді Н.Назарбаев.

Президенттің айтуынша, "мемлекет 2,7 трлн теңге көлемінде экономикаға қолдау көрсетті". Сонымен бірге, мемлекет басшысы "қазір мұнайдың бағасы біраз көтерілгенін, өнім саудасы ұлғая түскенін" атап көрсетті.

"Нәтижесінде наурызда ақпанмен салыстырғанда, ал сәуірде наурызбен салыстырғанда экономикада өсім байқалды, мамырда да сәуірмен салыстырғанда өсім байқалып отыр", - деді Н. Назарбаев.

Сонымен бірге, президент экономиканы әртараптандыруға балама жоқ екенін дағдарыстың айқын көрсетіп бергенін атап өтті.

"Экономиканы әртараптандыруға балама жоқ екенін дағдарыс айқын көрсетіп берді. Жер қойнауындағы байлыққа, мұнай мен газға сеніп өмір сүре беруге болмайтыны белгілі болды", - деді президент.

"Капиталистік экономика түрлі ықпалдарға тәуелді. Осындай дағдарыстар әрбір он жылда болып отырады. Біз де тәуелсіздік алған 20 жылда осымен үшінші дағдарысты бастан кешіріп отырмыз. Сол себепті бұған әрдайым дайын болу керек, ол туралы ұмытпау қажет", - деді Н. Назарбаев.

Осы орайда президент ірі қалалардың айналасында "азық-түлік белдеулерін құру" жөніндегі ірі жобаны еске салып өтті.

"Біз ерте пісетін көкөністерден тапшылық көріп отырмыз. Астана, Алматы секілді ірі қалалардың айналасында жеміс және көкөністермен қамтамасыз ететін белдеулер құрылса деп айтамын", - деді президент.

Н. Назарбаев Қазақстанда жылыжайларды көптеп салу керек деген пікірде. "Тек биылғы жылы осындай 70 гектарға жуық жылыжайларды саламыз, сөйтіп ерте пісетін көкөністермен қамтамасыз етеміз. Израильдегі секілді тамшылап суару тәсілін пайдалану керек", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны