05.10.2012, 18:53 2959

Қазақстан экономикасын әртараптандыруға бағытталған ірі жобаларға фин бизнесінің қатысуын қолдаймыз - баспасөз баяны

Келіссөздер барысында тараптар әлемдік экономиканың ахуалы жөнінде пікір алмасып, сондай-ақ 2013 жылдың сәуіріне жоспарланған Финляндия Президентінің Қазақстанға жасайтын сапарын талқылады.

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Финляндия Республикасының Еуропалық одақ істері жөніндегі және сыртқы сауда министрі Александер Стубты қабылдады, деп хабарлайды Үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Келіссөздер барысында тараптар әлемдік экономиканың ахуалы жөнінде пікір алмасып, сондай-ақ 2013 жылдың сәуіріне жоспарланған Финляндия Президентінің Қазақстанға жасайтын сапарын талқылады.

"Менің ойымша, Қазақстанда ортақ өндірістер құра отырып, экономикалық әріптестік аясын кеңейту қажет және транзит мүмкіндіктерін дамыта келе, финдік заманауи технологияларды енгізу керек", - деді С.Ахметов.

"Біз фин бизнесінің энергетика, машина жасау, инновация және трансферт саласындағы Қазақстан экономикасын әртараптандыруға бағытталған және ғылымды қажет ететін, жоғары технологиялық, экспортқа арналған өндірістік ірі жобаларға қатысуын қолдаймыз", - деді Үкімет басшысы.

Ал А. Стубб өз кезегінде Финляндия Қазақстанның EXPO-2017 көрмесін өткізуге берген өтінішін қолдайтындығын жеткізді. "Астана - заманауи әрі жедел дамушы қала. Ал Қазақстанның экономикасы әлемдегі ең жылдам дамып келе жатқан үш экономиканың бірі және адам сенгісіз жетістіктерге жетті", - деді ол.

Айта кету керек, А. Стуб бұл сапарында 55 финдік компанияның өкілдерінен құралған үлкен делегацияны бастап келді. Кездесулер барысында сауда-экономикалық салада маңызды келіссөздерге қол жеткізіледі деп күтіліп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны