07.05.2007, 09:21 1354

Қазақстан экономикасын жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның қарауына құны 200 миллиард АҚШ долларын құрайтын 188 жоба ұсынылған

Қазақстан экономикасын жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның қарауына құны 200 миллиард АҚШ долларын құрайтын 188 жоба ұсынылған. Бұл туралы сенбі күні үкімет үйінде Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалық етуімен Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысында мәлім болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеңеске қатысушылар мемлекеттік органдар мен ұлттық холдингтер басшыларының серпінді жобалар туралы ұсыныстарын қарады, сондай-ақ жобаларға мемлекет тарапынан қолдау көрсету жөнінде қарастырылған шараларды талқыланды.

Мемлекеттік комиссия қарауына құны 200 миллиард АҚШ долларын құрайтын, барлығы 188 жоба ұсынылған. Олардың басым бөлігі отын-энергетика, мұнай-газ, металлургия, машина жасау, химия және тоқыма өнеркәсібі секілді маңызды салаларды қамтиды.

Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Аслан Мусин "қазіргі кезде таяу уақытта жүзеге асыруды қажет ететін серпінді басым жобаларды анықтау жөнінде белсенді жұмыстар жүргізілуде", - деп мәлімдеді.

Ол "басым жобаларды таңдаудағы басты өлшем - олардың экспорттық бағыты және өндіретін өнімнің жоғары қосылған құны болуы" деп атап өтті.

Комиссия отырысын қорытындылай келе, үкімет басшысы К. Мәсімов жұмыс тобының мүшелеріне биылғы жылғы 11 мамырына, мемлекеттік комиссияның қарауына басым серпінді жобалардың алдын ала тізбесін ұсынуды тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны