25.04.2014, 19:16 4852

Қазақстан ЭКСПО-2017 көрмесінде жетістіктерін паш етеді - Н. Назарбаев

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев капсула салып, "Астана ЭКСПО-2017" көрме кешенінің құрылысын бастады. Жалпы, 174 гектар жерде ауданы бір миллион шаршы метрден астам нысандар салынады. Бүгінде компания басшылығы Елбасына "Астана ЭКСПО-2017" көрме кешенінің құрылысының жұмыс кестесін ұсынды.

Алматы. 25 сәуір. Kazakhstan today. Бүгін елордада "Астана ЭКСПО- 2017" көрме кешенінің іргетасына капсула салу рәсімінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО-2017 көрмесінде Астана өзінің жетістіктерін паш ететіндігін айтты.

"Көрмеден басқа көпұлтты еліміздің мәдениетін, тарихымызды, өнерімізді паш етуіміз керек. Осының барлығы қыруар жұмысты қажет етеді, үкіметте, қала әкімдігінде, барлық министрліктерде. Оларға сәттілік тілеймін, алға қойған міндетті абыроймен атқарып шығайық. Ол ерекше, маңызды, бірақ бұл қолымыздан келеді",- деді Президент.

Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев капсула салып, "Астана ЭКСПО-2017" көрме кешенінің құрылысын бастады. Жалпы, 174 гектар жерде ауданы бір миллион шаршы метрден астам нысандар салынады. Бүгінде компания басшылығы Елбасына "Астана ЭКСПО-2017" көрме кешенінің құрылысының жұмыс кестесін ұсынды.

Кешеннің көрме аймағында Қазақстанның Ұлттық Павильоны, халықаралық, тақырыптық және корпоративтік павильондар, сауда, ойын-сауық және қызмет көрсету нысандары орналасады. Көрмеден тыс аймақта мәжіліс орталықтары, баспасөз орталықтары, жабық қала, тұрғын үйлер мен қонақ үйлер болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны