24.01.2014, 20:35 5651

Қазақстан "Emitt 2014" туризм және саяхат көрмесіне қатысады

Қазақстан Стамбұл шаһарында 30 қаңтарда өтетін "Emitt 2014" туризм және саяхат көрмесіне қатысады, деп ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы. 24 қаңтар. Kazakhstan today. Қазақстан Стамбұл шаһарында 30 қаңтарда өтетін "Emitt 2014" туризм және саяхат көрмесіне қатысады, деп ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Көрмеге қатысушы елдерге өзінің туристік әлеуетінің мүмкіншілігімен таныстырып, дара мәдениеті мен салт-дәстүрімен бөлісуге мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Еліміздің туристік мүмкіншілігін Астана, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау және Атырау облыстарынан келген делегация таныстыратын болады.

Сондай-ақ, қазақстандық делегация көрме барысында Астанада өтетін халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу барысы жайлы айтып береді.

"Көрме аясында ұлттық аспаптарда (домбыра, шаңқобыз, сазсырнай, дауылпаз, сусылдыр) ойнайтын музыканттар өнер көрсетіп, киізден бұйым жасау туралы мастер -класс өткізіледі. Сонымен қатар, қатысушыларға қазақтың ұлттық дастарханымен танысуға жағдай жасалады", - деп комитеттен түсіндіріліп өтті.

Айта кетерлік жайт, көрмеге 2013 жылы 67 елден келген 4 мың адам қатысты. Оның үстіне, көрме жұмысымен туризм саласындағы 58 мыңнан астам кәсіби мамандар мен 72 мың қонақ танысып қайтты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны