14.04.2015, 17:35 3763

Қазақстан эстрадасыныӊ жұлдыздары армияда бір күнін өткізді

Алматы облысы Қапшағай қаласындағы 32363 әскери бөлімінде бірер күн бұрын ерекше акция өтті. Қазақстанға танымал "Арай" тобы "Искердегі бір күн" ("Служба на день") акциясына қатысты

Алматы. 14 сәуір. Kazakhstan Today - Алматы облысы Қапшағай қаласындағы 32363 әскери бөлімінде бірер күн бұрын ерекше акция өтті. Қазақстанға танымал "Арай" тобы "Искердегі бір күн" ("Служба на день") акциясына қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Салтанатты костюмді әскери киім үлгісіне, ал микрофонды қаруға айырбастаған "Арай" тобы Отан алдындағы борышын өтеп жүргендер алдында өздерін барынша лайықты ұстауға тырысты. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Акцияныӊ мақсатына сәйкес танымал топ әскери қызметші ретінде бір күнін өткізді, сондай-ақ әншілер әскери қызметшініӊ әдеттегі күні қалай өтетінімен, қандай міндеттер атқаратынымен, әскери қызметтіӊ қиыншылықтарымен, еӊ бастысы оныӊ артықшылығымен танысады.

"Арай" тобыныӊ солистері Қазақстанды қорғап жүрген жауынгерлердіӊ бір күнімен танысып, осы орайда олар әскери қызметшілермен бірге әдеттегіден ерте тұрып таӊғы жаттығулар жасап, жүгіруге шықты.

Бұдан басқа, әншілер әскери қызметшілермен бірге жауынгерлік міндеттер атқарып, саптық даярлықтан өтті, өздеріне еӊ күрделі болған тапсырманы орындап - 100 метр қашықтыққа қарудан оқ атты.

Акцияныӊ қорытындысы бойынша әртістер қатал әскери тәртіпке бағынғаны үшін көптеген жас жігіттер армандайтын дипломдармен наградталды. Иншілер армияныӊ бір күнгіөміріне араласып, оны өздерініӊ ер мінездерін көрсете алатын ортада өткізуге берілген мүмкіндік үшін алғыстарын білдірді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны