12.04.2013, 10:21 2862

Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы озық технологиялармен алмасатын өңірлік орталыққа айналуы тиіс

"Астана Еуропа мен Азия арасындағы технологиялық, мәдени және ғылыми алмасудың өңірлік орталығы ретінде қарастырылғанын қалаймыз", - деді Н.Қаппаров.

Астана. 12-сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы озық технологиялармен алмасатын өңірлік орталыққа айналуы тиіс, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров "Қазақстанда "жасыл" экономика құру" конференциясында мәлім етті.

"Астана Еуропа мен Азия арасындағы технологиялық, мәдени және ғылыми алмасудың өңірлік орталығы ретінде қарастырылғанын қалаймыз", - деді Н.Қаппаров.

Сонымен қатар, ол қазіргі уақытта Қазақстан "жасыл" экономикаға өту стратегиясын жасауда, ол көптеген экономикалық, және де экологиялық сипаттағы мәселелерді шешетін болады.

Сонымен бірге, ведомство басшысы шетелдік өкілдерді Қазақстанда ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізудегі мақсаттары туралы ақпараттандырды.

"ЭКСПО - 2017 әлемдік қоғамға энергетикалық проблемаларды шеудің тиімді жолдарын табуға көмектеседі деп үміттенеміз", - деді ол.

Министр Астана үшін бұл көрме елде жүзеге асып жатқан 3-ші индустриялдық революцияны көрсетудің ең жақсы тұғырнамасы болатынын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны