13.09.2006, 17:56 3078

Қазақстан Еуропа мен Азиядағы энергетикалық қауіпсіздік факторына айналды

АСТАНА. 13-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қазақстан Еуропа мен Азиядағы энергетикалық қауіпсіздік факторына айналды. Бұл туралы президент Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қазақстан қазір мұнай және газ қорымен дүниежүзінде 6-7, ал уран қорымен 2-орында тұр. Алдағы 8-10 жылда біз тәулігіне 3,5 млн. баррель мұнай өндіретін боламыз. Оның 3 млн. баррелін әлемдік нарыққа шығарамыз",- деді Н.Назарбаев. "Қазақстан Еуропа мен Азиядағы энергетикалық қауіпсіздік факторына айналды",- деді президент.

Осыған байланысты көмірсутегі шикізатын тасымалдау мәселесінің маңызы артты. Мемлекет басшысы Қазақстанның Қытайға дейін жалғасатын мұнай құбырын тартып, Баку-Тбилиси -Жейхан мұнай құбырына біріккенін, сондай-ақ, өз мұнайын Новороссийскіге дейінгі құбырмен тасымалдап отырғанын еске салды. "Біз әлемдік нарыққа шығатын басқа жолдарды да қарастыратын боламыз",- деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны