29.03.2007, 16:33 3133

Қазақстан "General Electric Infrastructure" бөлімшесімен белсенді ынтымақтастықтан мүдделі

АСТАНА. 29-наурыз. Kazakhstan Today. Қазақстан "General Electric Infrastructure" бөлімшесімен экономиканы кең көлемде әртараптандыруға бағытталған жобалар бойынша белсенді ынтымақтастықтан мүдделі. Бұл туралы бүгін үкімет басшысы К.Мәсімов "General Electric Infrastructure" бөлімі директорлар кеңесі төрағасының орынбасары, бас меңгеруші директоры Джон Райсты қабылдау барысында мәлімдеді,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, К. Мәсімовтің айтуынша, "Қазақстан электр энергетикасы, денсаулық сақтау, авиация саласындағы жобаларды дамытуға ынталы".

Өз кезегінде, Джон Райс "Біз Қазақстан президенті Н. Назарбаевтың үкімет алдына қойған мақсаттарға қол жеткізуге айтарлықтай үлес қосамыз" деп мәлімдеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны