08.05.2013, 12:53 4686

Қазақстан GPS және GLONASS жүйесін пайдаланушылардың навигациялық аппараттарын шығаруды бастады

"Біз енді ПНА деп аталатын пайдаланушы аппаратурасын жасауды бастадық, ол көлік құралдарына кез-келген уақытта оның орналасқан жерін анықтау үшін орналастырылады. Онда дүние жүзіне белгілі GPS және GLONASS жаһандық навигациялық жүйесі пайдаланылады, келешекте Галилео, ол Еуропада жасалуда. Жүйелердің бірі істен шыққан жағдайда екінші баламалысын пайдалану мүмкіндігі болады", - деді Т.Мұсабаев.

Астана. 8-мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстанда көлік құралдарына қолданылатын GPS және GLONASS жүйесі үшін пайдаланушылардың навигациялық аппаратурасын (ПНА) шығаруды бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев мәлім етті.

"Біз енді ПНА деп аталатын пайдаланушы аппаратурасын жасауды бастадық, ол көлік құралдарына кез-келген уақытта оның орналасқан жерін анықтау үшін орналастырылады. Онда дүние жүзіне белгілі GPS және GLONASS жаһандық навигациялық жүйесі пайдаланылады, келешекте Галилео, ол Еуропада жасалуда. Жүйелердің бірі істен шыққан жағдайда екінші баламалысын пайдалану мүмкіндігі болады", - деді Т.Мұсабаев.

Қазғарыш мәліметі бойынша аталған аппараттар "Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы" АҚ және

"ҚазақстанҒарышСапары" ұлттық компаниясы" АҚ. ПНА жұмыстарында шамамен 60 доктор және кандидат тартылған.

Айта кету керек, ПНА құру республикада қалыптастырылатын навигациялық инфрақұрылым жүйесіне енеді. ПНА-лардан бөлек дифференциалды станциялар базасында өңірлік навигациялық жүйе құрылуда.

"Бүгінде 10 дифференциалды станция, өңірлік орталық және мобильдік дифференциялды станция құрамында өңірлік дифференциалды жүйе пайдалануға берілген. Тәжірибелік-құрастыру жұмыстары шеңберінде дифференциялды станцияның отандық нұсқасы және оның арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуі жасалған. Теңіздік жергілікті дифференциялды станцияны, Дифференциялды түзету және бақылау орталығын, дифференциялды станциялар жүйесін құру жұмыстары жүргізілуде", - деп мәлімдеді агенттік басшысы.

Сонымен бірге, бағдарламалық математикалық қамтамасыз етуді отандық мамандар орындайды, ал аталған бағдарлама бойынша қазақстандық қамту шамамен 50%-ды құрайды.

Ағымдағы жылы тағы да 50 дииференциялды станция пайдалануға берілген, олар республикалық дифференциялды жүйені біржола қалыптастыруға жеткілікті болады.

Өз алдына нақтылығы жоғары спутниктік навигация жүйесін және дифференциялды станцияларды құрумен "Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы" АҚ айналысады, оның құрамында "Ғарыштық зерттеулер институты", "Ионосфера институты", "В.Г. Фесенков атындағы астрофизикалық институт" және "Ғарыштық техника және технологиялар институты" бар.

Ұлттық агенттік өкілі аталған жобаларды іске асыру республика аумағында жаһандық навигациялық спутниктік жүйелердің ақпараттарын пайдаланушыларға кепілденген және сапалы координатық-уақыттық және навигациялық қызметтер ұсынуға болатынын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны