06.04.2015, 15:29 3564

Қазақстан, Грузия, Ауғанстан және Тунис елдерініӊ әскери қызметшілері бітімгерлік операциялары үшін арнайы даярлықтан өтті

"Көпұлтты операциялардағы қолданатын ағылшыны тілініӊ терминологиясы" тақырыбындағы халықаралық оқу курсы аяқталғаны туралы сертификаттарды беру салтанаты Құрлық әскерлері әскери институтыныӊ "Бейбітшілік үшін серіктестік" (ҚАЗЦЕНТ) атты оқу-жаттығу орталығында өтті

Астана. 6 сәуір. Kazakhstan Today - "Көпұлтты операциялардағы қолданатын ағылшыны тілініӊ терминологиясы" тақырыбындағы халықаралық оқу курсы аяқталғаны туралы сертификаттарды беру салтанаты Құрлық әскерлері әскери институтыныӊ "Бейбітшілік үшін серіктестік" (ҚАЗЦЕНТ) атты оқу-жаттығу орталығында өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстан мен НАТО арасындағы серіктестік іс-қимылыныӊ жеке жоспарындағы тармақтарыныӊ орындалу аясында халықаралық гуманитарлық құқық бойынша ҚМЭБИ сарапшыларыныӊ қатысуымен ҚАЗЦЕНТ нұсқаушы-оқытушылар құрамы"Көпұлтты операцияларда қолданылатын ағылшын тілініӊ терминологиясы" атты жылдық курсын өткізді.

Курстыӊ мақсаты көпұлтты штабтар жұмысына орай БҰҰ қолдауымен бітімгерлік операциялар жүргізу кезінде тыӊдаушыларды арнайы тілден курста даярлау болды.

Қазақстан, Грузия, Ауғанстан және Тунис елдерініӊ әскери қызметшілері даярлықтан өтті. Аталған курс НАТО-мен сертификатталған, "Бейбітшілік үшін серіктестік" бағдарламасы аясында әскери қызметшілерді оқыту және даярлау жүйесі енгізілген

Бұл курс - ҚАЗЦЕНТ-тіӊ шетел аудиториясыныӊ қызығушылығын тудырып отырған жалғыз іс-шарасы емес. Атап айтсақ, өткен жылғы қарашада орталықтыӊ қатысуымен "Орталық Азияда факторлар контексті мен өӊірлік қауіпсіздіктіӊ кешенді тәсілі" атты төртінші жылдық ғылыми-зерттеу конференциясы ұйымдастырылды. Конференцияға 75-тен аса жетекші сарапшылар, оныӊ ішінде Қазақстан мен шетелдіӊ практиктер мен теоретиктер, көш бастаушы ғылыми-зерттеу орталықтары мен оқу орындары, ішкі саяси және күштік ведомства өкілдері, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардыӊ тәуелсіз талдаушылары мен қызметкерлері қатысты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны