05.05.2014, 20:11 3215

Қазақстан Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымының құрамына енді - ТЖМ

Женева қаласында Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымы (ХАҚҰ) Бас Ассамблеясының 21-сессиясы өтті.

Алматы. 5 мамыр. Kazakhstan today. Женева қаласында (Швейцария Конфедерациясы) Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымы (ХАҚҰ) Бас Ассамблеясының 21-сессиясы өтті.

Сессияға 40 мүше - мемлекеттерден, 6 байкаушы-елдерден, 6 үлестес мүшелерінен 150-ден астам өкіл қатысты.

Аталған отырыстың барысында төрт жылғы мандатқа (2015-2018 жж.) ХАҚҰ Бас хатшысы ретінде бірауыздан Владимир Кувшинов сайланды.

Сонымен қатар ХАҚҰ Бас Ассамблеясының 21-ші Сессиясы күн тәртібінің маңызды мәселелерінің бірі ХАҚҰ Атқарушы Кеңесі құрамының құрылуы болды.

"Сессия барысында Қазақстан Республикасы ХАҚҰ Атқарушы Кеңесінің құрамына кірді.Атқарушы Кеңес шеңберінде бірлескен жұмыс Қазақстан Республикасына мүше-мемлекеттермен әрекеттесудің жаңа сапалы деңгейіне шығуға мүмкіндік беріп, және де азаматтық қорғаныс саласында өзара тиімді ынтымақтастықты бұдан былайғы дамуы үшін негізі болады", - деп ТЖМ-нен хабарлады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны