07.06.2007, 17:21 2842

Қазақстан Халықаралық қайта құру және даму банкінен орманды сақтауға несие алу жөніндегі келісімді бекітті

АСТАНА. 7-маусым. Kazakhstan Today. Президент Нұрсұлтан Назарбаев "Орманды сақтау және республика аумағындағы орманды алқаптарды көбейту жөніндегі жоба бойынша Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы несие туралы келісім мен Ғаламдық экологиялық қордың атқарушы ұйымы ретіндегі Трастқорға грант бөлу (Орманды сақтау және республика аумағындағы орманды алқаптарды көбейту жөніндегі жоба) туралы Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы келісімді бекіту туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Жоба алты жылда екі жобалық аумақта жүзеге асырылады. Атап айтсақ, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарындағы Ертіс нулары мен Қызылорда облысындағы Арал теңізінің кеуіп қалған түбі мен сексеуілді алқаптарында іске асырылмақ".

Жоба аясында орманды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, орман күзетінің тиімділігін арттыру көзделуде. Жобада сонымен қатар орман өрттерінен, зиянкес жәндіктерден келетін және орманды тиімсіз пайдаланудан келетін шығындарды азайту шаралары қарастырылған. Сонымен бірге сексеуілді ормандарды жайылым ретінде тиімді пайдалану тетіктерін дәйектеу, шөлейттенумен күрес және тұз бен шаң-тозаңның таралуына жол бермеу мақсатында Арал теңізінің кеуіп қалған түбі учаскелеріне мелиорация жүргізу тетіктерін дәйектеу межеленген.

Келісімге Астанада 2006-жылдың 6-қарашасында қол қойылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны