09.04.2009, 18:43 2629

Қазақстан Халықаралық валюта қоры мен Илемдік банктен несие сұрамайды - Қазақстан президенті

Қазақстан Халықаралық валюта қоры мен Илемдік банктен несие сұрамайды - Қазақстан президенті

Алматы. 9 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан дағдарысқа қатысты мәселелерді шешу үшін Халықаралық валюта қоры мен Илемдік банктен несие сұрамайды. Бұл туралы президент Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Алматы қалалық әкімдігінде өткен кеңесте мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Қазақстан дағдарысқа қатысты мәселелерді шешу үшін Халықаралық валюта қоры мен Илемдік банктен бүгінгі күнге дейін несие сұраған жоқ, бұдан былай да біз осылай жұмыс істей беретін боламыз", - деді Н. Назарбаев.

"Қазір дүниежүзі терең дағдарысты бастан кешіруде, ғаламдық экономиканың, ғаламдық әлемнің бір бөлігі ретінде біз де одан тысқары қала алмадық. Біз оны өнімі сұранысқа ие болмай, өндірістің төмендеуі, қуат көздерінің бағасының арзандауы, екіншің деңгейлі банктерде ақшаның тапшылығы арқылы сезініп отырмыз. Бірақ біз елдің жинақтаған ақшалай қорының арқасында басқа елдермен салыстырғанда шамалы болса да тынышырақ өткеріп жатырмыз", - деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны