12.12.2006, 16:00 5517

Қазақстан халықаралық жолаушы және жүк тасымалы жөнінде Хорватиямен арадағы келісімді бекітті

АСТАНА. 12-желтоқсан. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасы үкіметі мен Хорватия Республикасы үкіметі арасындағы халықаралық жолаушы және жүк тасымалы жөніндегі келісімді бекіту туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, келісіммен Қазақстан мен Хорватия арасындағы халықаралық автокөлік қатынасымен жүк және жолаушы тасымалдау тәртіптерін, осы елдердің аумақтары арқылы транзитті тасымалдау, сондай-ақ, аталмыш елдердің аумағында тіркелген тасымал құралдары мен тасымалдаушылардың үшінші елдерге жолаушы және жүк тасымалдау тәртіптерін реттейді.

Келісімге 2006-жылдың 11-шілдесінде Загреб қаласында қол қойылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны