04.10.2006, 10:42 3367

Қазақстан халықтары ассамблеясының кезекті сессиясы 24-қазанда Астанада өтеді

АСТАНА. 4-қазан. Kazakhstan Today. Қазақстан халықтары ассамблеясының кезекті сессиясы 24-қазанда Астанада өтеді. Осы жөніндегі бұйрыққа мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

"Қазақстан халықтары ассамблеясының кезекті он екінші сессиясын 24-қазанда Астанада "Ұлтаралық және конфессияаралық келісім- Қазақстанның қарқынды дамуының және әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елдердің санатына кіруінің басты шарты",- делінген құжаттың мәтінінде.

Президент сондай-ақ үкіметке Қазақстан халықтары ассамблеясының сессиясын өткізуге ұйымдастыру шараларын алуды тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны