21.10.2010, 17:40 3747

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары тағайындалды (толықтырулармен)

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 21 - қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Мемлекет басшысының өкімімен Юрий Евгеньевич Тимощенко Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары болып тағайындалды",- деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, "мемлекет басшысының өкімімен Ахметжан Бакримович Шардинов Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары болып тағайындалды".

Сонымен қатар, мемлекет басшысының өкімімен Юрий Филиппович Захаров пен Александр Федорович Дедерер Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.

Естеріңізге сала кетсек, кеше Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен "Қазақстан халқы Ассамблеясы: Сенім. Дәстүр. Транспаренттік. Толеранттылық" атты күн тәртібімен Ассамблеяның XVI сессиясы өткен болатын.

"Біздің Ассамблеяның тарихы - бұл біздің тұрақтылығымыздың тарихы",- деп атап өтті Н. Назарбаев.

Елбасы осы жылдар ішінде қыруар істердің атқарылғанын атап өтті. Елімізде этникааралық және конфессияаралық теңдіктің құқықтық базасы құрылды. Ассамблеяның жұмысы стратегиялық жоспарларға сәйкес, мемлекеттің "алуан түрлілік бірлігі" қағидатына сай этникааралық саладағы саясаты негізінде қалыптасып, этникааралық қатынастардың қаржылық және материалдық базасы нығайды. Бұдан басқа, еліміздің Парламентінде және мәслихаттарда барлық этностардың өкілдіктерінің жұмысы қамтамасыз етілген.

Бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде 820 этномәдени бірлестік табысты жұмыс істейді.

"Қазақстанда діни себептерге байланысты кикілжің ешқашан болған емес. Біздің Астана жаһандық дінаралық диалогтың орталығы ретінде әлемге белгілі. Біз үш рет Илемдік және дәстүрді діндер көшбасшыларының съезін өткіздік. Осылайша Қазақстанда ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің тиімді жүйесі қалыптасты", - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Президент бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясының алдында ұлттық бірлікті нығайтуға байланысты тәуелсіздіктің 20 жылдығына дайындықтың жалпыұлттық жоспарын әзірлеуге атсалысу және елдің орасан табыстарын насихаттау сияқты бірқатар жаңа міндеттер тұрғанына тоқталып өтті.

Мемлекет басшысы сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Саммитіне дайындық пен оны өткізуге белсене қатысуы қажеттігіне тоқталды.

"Исерлі кездесулерді ұйымдастырып, біздегі алуан түрлілікті көрсету қажет, біздің этномәдени орталықтардың, соның ішінде Ассамблеяның жұмыс тәжірибесімен таныстыру керек. Мен қазірдің өзінде әлемдік тарихқа енетін Астана рухы ұғымының сенім, келісім, толеранттылық пен алуан түрлілік бірлігі қағидаттарына негізделген әлемдік құрылысқа жаппай ұмтылудың символына айналатынына сенемін", - деді мемлекет басшысы.

Сөзін аяқтай келе, президент өзінің тапсырмасы бойынша қоғамдық награда - "Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық "Бірлік" алтын медалі" бекітілгенінен хабардар етті.

"Мен бүгін осы медалді біздің қоғамдағы татулық пен келісімді қамтамасыз ету ісіне елеулі үлестерін қосқан қазақстандықтарға тапсыру туралы шешімге қол қойдым. Осы награданың алғашқы иелерін шын жүректен құттықтаймын!", - деді мемлекет басшысы.

Сөз сөйлегендер Қазақстан халқы Ассамблеясының тыныштық пен қоғамдағы келісімді қамтамасыз етудегі айрықша рөлін атап өтіп, Ассамблея төрағасы, президент Нұрсұлтан Назарбаев алға қойған міндеттерді қолдады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының XVI сессиясына қатысушылар ел азаматтарына қазақстандықтарды ортақ құндылықтар - бірлік, ұлтаралық және қоғамдық келісімді сақтау және нығайтуда Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сара саясатының айналасына топтасуға шақырған Үндеу қабылдады,- деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны