10.06.2014, 21:03 2787

Қазақстан халқының 30%-дан астамы скринингтік бағдарламамен қамтамасыз етілген - С.Қайырбекова

Бүгінгі таңда Қазақстанда халықтың 30%-дан астамы скринингтік бағдарламамен қамтамасыз етілген, деп мәлімдеді бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова.

Алматы. 10 маусым. Kazakhstan today. Бүгінгі таңда Қазақстанда халықтың 30%-дан астамы скринингтік бағдарламамен қамтамасыз етілген, деп мәлімдеді бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова.

"Саламатты Қазақстан" денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты бойынша халықтың 30%-ы бүгінде скринингтік бағдарламамен қамтамасыз етілді. Бұл дегеніңіз барынша мол қауіп төндіртін жастардағы халықтың үлес салмағына пара-пар. 11 скринингтік бағдарламаның 7-еуі онукологиялық сырқаттарды ерте кезден анықтауға бағытталған.Жыл сайын 10 млн астам адам скринингтен өтіп, 1,5 млн ауру анықталады, олар тіркеуге алынады және сауықтыру кезеңдерінен өтеді", - дейді бас дәрігер.

Осынау жұмыстардың нәтижесінде, бас дәрігердің айтуынша, 5 млн адам есепке алынды. Қазіргі таңда олар емделіп жатыр.

"Ерте анықтау - бұл тек сапалы сауықтыру ғана емес, мемлекеттің және пациенттің емделуге кететін шығынын азайтады. Мысалы, 1 - 2 сатыдағы сүт безі обырын емдеу мемлекетке 780 мың теңгеге түссе, 3-4 сатыдағы түрін емдеу 26,5 млн теңгеге шығады. Сүт безі обырын ерте кезеңде айқындауды 10%-ға арттыру республика бойынша 9 млрд теңгеден аса қаржы үнемдеуге мүмкіндік береді. Ауруды ерте кезеңде анықтау және диагностикалау мен емдеудің жоғарғы технологиялық әдістерін қолдануды кеңейту арқылы қан айналымы жүйесі ауруынан болатын өлім-жітім 2 есеге төмендеді. Тек 2013 жыл ішінде республика бойынша 60 мыңнан астам кардиохирургиялық операция жасалды, бұл 2010 жыл деңгейінен 38 мың операцияға артық", - дейді С.Қайырбекова.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны