27.10.2016, 16:23 7758

Қазақстан халқыныӊ саны 2016 жылғы 1 қаӊтарда 17 млн. 670,9 мыӊ адам болды

2016 жылы Денсаулық сақтау саласын дамытудыӊ 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Ол әйелдер мен балаларға медициналық және әлеуметтік кешенді қызмет көрсету үшін босандыру мен балаға көмек қызметініӊ біріктірілген моделін қарастырады.

Шымкент. 27 қазан. Kazakhstan Today - Бүгін Шымкентте ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ мен Оӊтүстік Қазақстан әкімдігініӊ ұйымдастыруымен "Илеуметтік сақтандыру: ана мен баланы қолдау" тақырыбында Республикалық семинар өтті, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Шараға мүдделі мемлекеттік органдардыӊ, ҚР Президенті жанындағы Ийелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия өкілдері мен халықаралық ұйымдардыӊ сарапшылары қатысты.

Семинардыӊ мақсаты - отбасылық және демографиялық саясат саласындағы өзекті мәселелерді талқылау, ана мен баланы қолдаудағы үздік тәжірибені зерделеу, сонымен бірге, отбасы институтын нығайту мен туу, өмір сүру ұзақтығы және халықтыӊ көші-қон саласындағы тұрақты әрі жағымды динамикасын сақтау.

Семинарда сөз сөйлеген ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Светлана Жақыпова Үкіметтіӊ демографиялық даму мен әлеуметтік саясат саласындағы жүзеге асырып жатқан шаралары туу көрсеткішін ұлғайтуға, өлім-жітім деӊгейін төмендетуге, халықтыӊ күтілетін өмір сүру ұзақтығын арттыруға, көші-қон көрсеткішініӊ жағымсыз сальдодан жағымды сальдоға өтуіне ықпал етіп отырғанын атап айтты.

"2002 жылдан бастап туу көрсеткішініӊ едәуір ұлғаюыныӊ, көші-қонныӊ жағымды динамикасыныӊ нәтижесінде халықтыӊ өсімі байқалды: 2016 жылғы 1 қаӊтарда 17 млн. 670,9 мыӊ адам болды", - деді ол.

Сонымен бірге, Светлана Жақыпова соӊғы жылдары халықты әлеуметтік қорғау жүйесініӊ күшейгенін, еліміздіӊ әлеуметтік-экономикалық өміріндегі жетекші бағыттардыӊ бірі болғанын атап айтты. Тек биылғы жылы зейнетақы мен жәрдемақыларды төлеуге 2 трлн. теӊге бөлінді.

Илемдегі экономикалық тұрақсыздыққа қарамастан, Қазақстанда мемлекеттіӊ азаматтар алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелері орындалып жатқанын айтып өту керек", - деді Вице-министр.

Ана мен баланы қолдауға аса зор көӊіл бөлінеді. 2016 жылы Денсаулық сақтау саласын дамытудыӊ 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Ол әйелдер мен балаларға медициналық және әлеуметтік кешенді қызмет көрсету үшін босандыру мен балаға көмек қызметініӊ біріктірілген моделін қарастырады.

"Сондай-ақ, министрлік ҚР Президенті жанындағы Ийелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия және өзге де мүдделі органдардыӊ көмегімен Қазақстан Республикасыныӊ 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясатыныӊ тұжырымдамасын жасап жатыр", - деді Светлана Жақыпова.

Шара барысында сөз алғандар әлеуметтік қорғау саласындағы халықаралық тәжірибемен бөлісіп, ересектер мен балалардыӊ денсаулығын қорғау бойынша, оныӊ ішінде халықтыӊ репродуктивті денсаулығы туралы ұсыныстар жасады, Сонымен қатар, Қазақстанныӊ демографиялық саясат саласындағы, ана мен баланы әлеуметтік сақтандыру, мектепке дейінгі және мектептегі білім беру мен баланы тәрбиелеудегі негізгі жетістіктері талқыланды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны