21.03.2007, 10:16 3090

Қазақстан химиялық заттар мен пестицидтердің халықаралық сауда-саттығын реттеу жөніндегі Роттердам конвенциясын бекітті

АСТАНА. 21-наурыз. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстанды жекелеген қауіпті химиялық заттар мен пестицидтердің халықаралық сауда-саттығына қатысты алдын-ала негізді келісімге келу процедурасы жөніндегі Роттердам конвенциясына біріктіру және оны бекіту туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, конвенцияның мақсаты - жекелеген қауіпті химиялық заттарды импорттаушы және экспорттаушы елдердің аумағында осындай өнімдердің айналымы мен пайдаланылуын қадағалауды бір жүйеге келтіру арқылы олардың халықаралық сауда-саттығын реттеу болып табылады.

Конвенция тыйым салынған немесе қатаң шектелген химиялық заттар мен айрықша қауіпті пестицидтерге қатысты қолданылады.

Конвенцияға 1998-жылдың 10-қыркүйегінде қол қойылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны