17.09.2009, 13:41 2745

Қазақстан импорттық электр қуатына тәуелділіктен құтылды - Қазақстан президенті

"Біз бұған дейін орталықтан оңтүстікке электр қуатын бере алмайтын едік. Енді осындай мүмкіндік туды. Жіберілетін электр қуаты екі есе ұлғайды. Қазақстанның барлық өңірлері - орталығы мен оңтүстігі сенімді электр қуатына ие болады", - деді Н. Назарбаев.

Павлодар. 17 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан импорттық электр қуатына тәуелділіктен құтылды. Бұл туралы бүгін "Солтүстік-Оңтүстік Қазақстан" электр жалғастыру желісінің екінші жоғары кернеулі желісін салтанатты түрде іске қосу рәсімінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қазақстанды индустрияландыру мен экономиканың дамуы электр қуатынсыз мүмкін емес, электр қуатының 40%-ы осы Павлодар облысында өндіріледі. Біз бұған дейін орталықтан оңтүстікке электр қуатын бере алмайтын едік. Енді осындай мүмкіндік туды. Жіберілетін электр қуаты екі есе ұлғайды. Қазақстанның барлық өңірлері - орталығы мен оңтүстігі сенімді электр қуатына ие болады", - деді Н. Назарбаев.

"Исіресе, біздің көршілерімізден келетін электр қуатына тәуелді болып келген Қазақстанның оңтүстік өңірлері енді өз елімізде өндірілген электр қуатын алады. Біз электр қуатын беруші өзгелерден толық тәуелсіздікке ие болдық", - деді ол.

Сонымен бірге мемлекет басшысы энергетиктерді электр жалғастыру желісінің мерзімінен бұрын пайдалануға берілуімен құттықтады. "Мен өз жолдауымда осы желінің маңызы туралы бірнеше мәрте айтқам, және бүгін мен KEGOC компаниясын, оның басшылығын, барлық энергетиктерді, энергетикалық нысандарды салушыларды ұзындығы 1100 шақырымдық, 500 МВт-тық аса маңызды "Солтүстік-Оңтүстік" электр жалғастыру желісінің мерзімінен бұрын пайдалануға берілуімен құттықтаймын. Біз бұл желіні келесі жылы пайдалануға беруге тиіс едік, бірақ одан бір жыл бұрын іске қостық", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны