24.02.2014, 18:53 10932

Қазақстан "Интурмаркет" халықаралық туристік көрмесіне қатысады

Қазақстанның туристік мүмкіндіктерін кешенді имиджік таныстыру рәсімдері мақсатында "Интурмаркет 2014" туризм жөніндегі халықаралық туристік көрмесіне ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитеті өзінің стендімен қатысуды жоспарлап отыр.

Алматы. 24 ақпан. Kazakhstan today. "Интурмаркет" халықаралық көрме дәстүрлі түрде Мәскеу қаласында 2014 жылдың 15-нен 18-наурыз аралығында өтеді.

Бұл Бүкіләлемдік туристік ұйымның қолдауымен Ресейде ұйымдастырылып жатқан ауқымы жағынан бірінші көрме болып табылады.

2014 жылдың 15-нен 18-наурызға дейін "Крокус Экспо" ХКО-да 9-"Интурмаркет" халықаралық туристік көрмесі өтетін болады. "Интурмаркет" көрмесінің мақсаты- заманауи әлемдік туристік индустрияны кешендік таныстыру рәсімдері, көрмеге қатысушылар мен келушілерді жаз мезгілі қарсаңына қойылған туристік ұсыныстарымен таныстыру болып табылады.

"Интурмаркеттің" (ИТМ) төрт күндік жұмыстары туристік бизнес мамандарына тұспалданған және қатысушылар арасында тікелей іскери байланыстар орнатуға бағытталған.

Қазақстанның туристік мүмкіндіктерін кешенді имиджік таныстыру рәсімдері мақсатында "Интурмаркет

2014" туризм жөніндегі халықаралық туристік көрмесіне ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитеті өзінің стендімен қатысуды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, 2013 жылы өткен "Интурмаркет" көрмесіне әлемнің әр түрлі өңірлерінен 140-тан астам мемлекет қатысып, қойылымдар қойылды. Көрменің іскери бағдарламасы шеңберінде, екі жақты кездесулер, көптеген ашылу рәсімдері және воркшоптар, семинарлар мен конференциялар, журналистерге арналған баспасөз конференциялары және тағы басқалар өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны