19.05.2014, 19:27 3239

Қазақстан инвестициялық тартымды елдер қатарында - И. Илімбетова

"Халықаралық сарапшылардың бағалауынша, біздің мемлекет әлем бойынша инвестициялық тартымдылығы жоғары мемлекеттер қатарына кіреді. 2013 жылдың соңына қарай тікелей инвестициялардың жалпы көлемі 180 млрд долларды құрады", - деп И.Илімбетова баса айтты.

Алматы. 19 мамыр. Kazakhstan today. Қазақстан әлем бойынша инвестициялық тартымдылығы жоғары мемлекеттер қатарына кіреді. Бұл туралы бүгін ОКҚ өткен бирфингте ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі сыртқы сауда қызметін дамыту департаментінің директоры міндетін атқарушы Илия Илімбетова мәлім етті.

"Дүниежүзілік банктің 2014 жылға арналған есебіне сәйкес Қазақстан 189 елдің ішінен 50 орынға табан тіреді. Біз өткен жылмен салыстырғанда 3 позицияға көтеріліп, ТМД елдерінің ішінен көшбасшыға айналдық. Бүгінде Ресей 92, Беларусь 63, Қырғызстан 68 орында. Көптеген елдер біздің артымызда қалып қойды. Біз Doing Business рейтингісі бойынша үздік 50-ке кірдік", - деп И.Илімбетова атап өтті.

Сонымен қатар, ол, бұл бiздiң елдегi сыртқы сауда саясатының бизнес климатының дамуы мен жақсаруына, экспорттық-импорттық операциялардың жетiлуiне септiгiн тигiзедi, деп өз ойын толықтырды.

"Халықаралық сарапшылардың бағалауынша, біздің мемлекет әлем бойынша инвестициялық тартымдылығы жоғары мемлекеттер қатарына кіреді. 2013 жылдың соңына қарай тікелей инвестициялардың жалпы көлемі 180 млрд долларды құрады", - деп И.Илімбетова баса айтты.

Өздеріңізге белгілі болғандай, бүгінде ірі инвестициялар Қазақстанға Нидерланды, Германия, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Жапония, Ресей, Қытай, Канада және өзге де елдерден келуде.

"Дәстүрлі сауда серіктестеріміз Еуропалық одақ елдері. Олар жалпы тауар айналымының 41 %, Ресей - 17,9%, Қытай - 16% алып отыр. Қазақстан үшін еуразия құрылығының қақ ортасында орналасуына байланысты интеграциялық процестерге қатысу өте маңызды", - деді сөз соңында И.Илімбетова.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны