12.06.2009, 13:15 1302

Қазақстан инвесторлар үшін ауылшаруашылығы мен жаңартылатын энергетика салаларына ұзақ мерзімді инвестиция жұмсауды ұсынады

Қазақстан инвесторлар үшін ауылшаруашылығы мен жаңартылатын энергетика салаларына ұзақ мерзімді инвестиция жұмсауды ұсынады

Қостанай. 12 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан инвесторлар үшін ауылшаруашылығы мен жаңартылатын энергетика салаларына ұзақ мерзімді инвестиция жұмсауды ұсынады. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Ғаламдық ағымдарға жасаған талдау нәтижесі көрсетіп отырғандай, дүниежүзіндегі инвесторлар капиталын салатын жаңа салаларды іздестіруде. Қысқа мерзімді алыпсатарлық салымдардан гөрі дәстүрлі салаларға ұзақ мерзімді инвестиция жұмсауға бетбұрыс жасалуда. Сонымен біруақытта жаңадан өсіп келе жатқан сегменттер іздестіріліп жатыр", - деді Н.Назарбаев.

"Қазақстанда бұл тұрғыда ұсынатын дүниесі бар. Еліміздегі тартымды базалық экономика салаларына ауылшаруашылығы мен жаңартылатын энергетика секілді жаңа әлеуетті сала жатады", - деді мемлекет басшысы.

"Осыған сәйкес инвесторлардың іс-әрекетіндегі өзгерістер мен біздің дәстүрлі және жаңа салалардағы мүмкіндіктерімізді пайдаланған жөн", - деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны