25.02.2015, 18:05 4143

"Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ-да кадрлық тағайындаулар орын алды

"Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ Директорлар кеӊесініӊ шешімімен ұлттық компания басқармасыныӊ төрағасы болып Ыдырысов Ерлан Сапарғалиұлы тағайындалды

Астана. 25 ақпан. Kazakhstan Today - "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ Директорлар кеӊесініӊ шешімімен ұлттық компания басқармасыныӊ төрағасы болып Ыдырысов Ерлан Сапарғалиұлы тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ерлан Ыдырысов "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ компаниялар тобында 2004 жылдан бастап жұмыс істейді. Түрлі лауазымдарды атқарған: "Тыныс" АҚ бас директорыныӊ орынбасары, техникалық саясат және инновациялар департаментініӊ директоры және т.б. 2014 жылғы 29 тамыздан бастап "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ басқармасы төрағасыныӊ орынбасары болып қызмет атқарды, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Осы шешіммен Сұлтанбеков Қанат Таӊатарұлы "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ басқармасы төрағасыныӊ орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметінен.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны