22.01.2014, 19:36 3258

Қазақстан Иран ядролық бағдарламасына қатысты бірлескен іс-қимыл жоспарының жүзеге асырылуының басталуын қолдайды

"Қазақстан 2013 жылғы 24 қараша күні Женевада дәнекер елдер "алтылығы" мен Иран қабылдаған Иран ядролық бағдарламасына қатысты бірлескен іс-қимыл жоспарының жүзеге асырылуының басталуын қолдайды",- делінген мәлімдемеде.

Алматы. 22 қаңтар. Kazakhstan today. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Иран ядролық бағдарламасы жөніндегі дәнекер елдер "алтылығы" мен Иран арасындағы бірлескен іс-қимыл жоспарының жүзеге асырылуының басталуына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Kazakhstan today.

"Қазақстан 2013 жылғы 24 қараша күні Женевада дәнекер елдер "алтылығы" мен Иран қабылдаған Иран ядролық бағдарламасына қатысты бірлескен іс-қимыл жоспарының жүзеге асырылуының басталуын қолдайды",- делінген мәлімдемеде.

ҚР СІМ-нің атап көрсетуінше, Қазақстан таратпау режиміне қатаң ұстанған және ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан мемлекет ретінде Иран мен халықаралық келіссөздер жүргізуші "алтылықты" бірлескен іс-қимыл жоспарының шеңберіндегі міндеттемелерді уақытылы және тиімді іске асыру мақсатында тиісті қадамдар жасауға шақырады, бұл өз кезегінде Иран ядролық бағдарламасы бойынша жан-жақты әрі ұзақ мерзімді келісімге қол жеткізу нәтижесіне жетелейді.

"Қазақстан қол жеткізілген келісімдерді іске асыру бастамасы сенім деңгейінің ұлғаюына, тараптардың алдағы уақыттағы өзара ынтымақтастығының реттелуіне жол ашып, аймақтық және халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға өз үлесін қосатын болады",- делінген мәлімдемеде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны