15.08.2012, 14:37 3202

Қазақстан Иранға уран тасымалдамайды

"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясының жетекшісі Владимир Школьник "Қазақстан бейбіт мақсатта пайдаланбайтын елдерге уран тасымалдамайды", деп мәлім етті Астанада сәрсенбіде өткен баспасөз мәслихатында.

Астана. 15-тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстан Иранға уран тасымалдамайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясының жетекшісі Владимир Школьник "Қазақстан бейбіт мақсатта пайдаланбайтын елдерге уран тасымалдамайды", деп мәлім етті Астанада сәрсенбіде өткен баспасөз мәслихатында.

"Бізде уран экспортына қатысты бақылаудың халықаралық жүйесі құрылған. Уранды қандай да бір болмасын елге тасымалдағанда, оның басқа мақсат үшін қолданбайтындығы туралы сенімхат аламыз. Жүйе арқылы мұның бәрі бақылауға алынған", деді ол.

"Қазатомөнеркәсіп" -уран мен оның қоспаларын, сирек металдарды, ядролық отындарды экспорттау жөніндегі Қазақстанның ұлттық операторы.

"Қазатомөнеркәсіп" әлемдегі уран өндіруші жетекші компаниялардың бірі болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны