19.02.2007, 15:38 3162

Қазақстан ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы келісім-шарты бойынша келісімді бекітуді мақұлдады

АСТАНА. 14-ақпан. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының үкіметі мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікпен арадағы Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы келісім-шартына байланысты кепілдіктерді қолдану туралы келісімге қосымша хаттаманы бекіту туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Хаттамаға қол қоюдағы мақсат - республикадағы ядролық іс-қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету, халықаралық қауіпсіздік жүйесін күшейтуге түрткі болу, еліміздің ядролық қарусыз ел ретіндегі мәртебесін нығайту, Қазақстанның ядролық қару таратпау режимі саласындағы саясатының тұрақтылығын паш ету болып табылады.

Келісімге 2004-жылдың 6-ақпанында Венада қол қойылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны