22.07.2014, 19:33 2632

Қазақстан ЮНЕСКО құндылықтарын ілгерілету үшін қолынан келгенінен аянбайды - Назарбаев

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан бірқатар жаһандық бастамаларды ұсынып отыр. Соның арасында мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық жылы мен халықаралық он жылдығы бар.

Алматы. 22 шілде. Kazakhstan today. Қазақстан ЮНЕСКО құндылықтары толеранттылық қағидасы мен жаңа гуманизм идеясын ілгерілету үшін қолынан келгенінен аянбайды, -деп мәлімдеді ҚР Президенті Н.Назарбаев ЮНСКО ісі бойынша ұлттық комиссияның бірінші өңіраралық жиыны қатысушыларына қарата айтқан сөзінде.

"130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері бейбіт өмір сүріп отырған Қазақстан үшін ЮНЕСКО-ның мәдениаралық, өркениетаралық және дінаралық диалогты нығайтуға бағытталған қызметтері кеңінен таныс. Өз тарапымыздан біз ЮНЕСКО құндылықтары толеранттылық қағидасы мен жаңа гуманизм идеясын ілгерілету үшін қолынан келгенінен аянбаймыз", - делінген мемлекеттік хатшы Иділбек Жақсыбековтың жеткізген ҚР Президенті Н.Назарбаевтың ЮНЕСКО ісі бойынша ұлттық комиссияның бірінші өңіраралық жиыны қатысушыларына қарата айтқан сөзінде.

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан бірқатар жаһандық бастамаларды ұсынып отыр. Соның арасында мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық жылы мен халықаралық он жылдығы бар.

"Астана сонымен қатар әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының басын қосатын орталыққа айналып отыр. Бүгінде ЮНЕСКО идеалдарының танылуы ұйымның мүше мемлекеттерінің тұрақты жұмыс істеуі мен ЮНЕСКО істері бойынша ұлттық комиссия секілді теңдессіз ынтымақтастық құралын толыққанды пайдалану қажеттілігі бар. Бірінші өңіраралық жиынның өткізілуі әріптестікті дамытудың үлкен бастамасына айналатынына сенімдімін", - дейді Президент.

Сөз соңында Мемлекет басшысы бейбітшілік пен келісімді дамытуда сәттілік тілеп, атқарған жұмыстарына ебек тіледі. Сонымен қатар бұл шараның дәстүрлі түрде қолға алынып, мемлекеттер арасында түсіністікті арттыруда маңызды құрал болатынан үмітті екенін айтты.

Айта кету керек, бүгін Астанада ЮНЕСКО-мен бірлесіп ЮНЕСКО істері бойынша Ұлттық комиссияның бірінші өңіраралық жиыны өтеді. Жиын шілденің 22-24 аралығында болмақ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны