15.01.2018, 16:01 5348

Қазақстан қалаларында "Смарт Сити" концепциясын кешенді түрде енгізу қала шығынын азайтуға көмектеседі

Сондай-ақ, Халықаралық қаржы орталығыныӊ жұмысын іске қосу аясында бірнеше квазимемлекеттік компаниялардыӊ акцияларын IPO-ға шығару қор нарығын дамытып, кеӊ ауқымдағы инвесторлардыӊ қалыптасуына жағдай жасайды.

Алматы. 15 қаӊтар. Kazakhstan Today - Президент Жолдауында қаржы секторын қайта "жаӊғырту" керектігі сөз етіледі. Сонымен бірге, меншік иелері өз қаржылық жобаларына лобби жасауына байланысты банк иелерініӊ жауапкершілігін арттыруға басымдық берілген. Осы орайда реттеуші тарапынан жүргізілетін бақылау ЕДБ пруденциалдық нормативтерін сақтап, проблемалық несиені азайтуға септігін тигізу керек.

Сондай-ақ, Халықаралық қаржы орталығыныӊ жұмысын іске қосу аясында бірнеше квазимемлекеттік компаниялардыӊ акцияларын IPO-ға шығару қор нарығын дамытып, кеӊ ауқымдағы инвесторлардыӊ қалыптасуына жағдай жасайды.

Президент меморгандарға қарасты ұйымдардыӊ санын азайту арқылы жекешелендіруді тездету керектігін атап өтті. Мысалы, Ұлыбританияда жүздеген жаӊа компания үкіметтік сектордан шығарылып, жылдық құны 1,5 млрд долларға жететін мемқызмет түрлерін көрсетуде.

Мемлекет басшысыныӊ Жолдауында экономика саласын цифрландыру мәселесі көтерілген. Бұл қазіргі таӊда мемлекеттік органдар мен жеке сектор үлкен ақпараттық ағынға тап болатынына байланысты, бұл өз кезегінде көптеген түйткілді мәселелерді тудырып ғана қоймай, керісінше, оларға үлкен мүмкіндік жасайды.

Сауатты құрылым мен басқару болса үлкен деректер бағалы ақпаратқа жол ашады, бұл өз кезегінде өнімніӊ өзіндік құнын төмендетіп, өндірушілікті арттырады.

Цифралық реформаныӊ тағы бір қозғаушысы - халықты урбанизациялау. Қала халқыныӊ саны күн санап артуына байланысты қала инфрақұрылымына үлкен салмақ түсуде, бұл қала шығынын оптимизациялау керектігін білдіреді.

Қазақстан қалаларында "Смарт Сити" концепциясын кешенді түрде енгізу қала шығынын азайтуға көмектеседі. Цифрландыру Қазақстан секілді елдердіӊ қалаларына үлкен пайда табуға көмектесіп, бизнес үрдістерді қашықтықтан басқаруға септеседі.

Осылайша, Елбасы Жолдауындағы әлемдегі соӊғы трендтердіӊ көрініс табуы күнделікті құбылған әлемніӊ сын-тегеуріндеріне жауап беруге мүмкіндік береді.

Айжан Мұқышбаева, ҚР Тұӊғыш Президенті - Елбасы Қоры жанындағы Илемдік экономика және саясат институтыныӊ жетекші сарапшысы

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны