24.04.2013, 10:03 3324

Қазақстан Қарулы Күштерінің Жауынгерлік парадына 7 мыңдай әскери қызметкер қатысады

"Жауынгерлік парадқа барлығы 7 мың әскери қызметші, 400-ден астам бронды машина, автотехникалар, 80-нен астам ұшақтар мен тікұшақтар қатысады", - делінген ведомство мәлімдемесінде.

Астана. 24-сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан Қарулы Күштерінің Жауынгерлік парадына 7 мыңдай әскери қызметкер қатысады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Жауынгерлік парадқа барлығы 7 мың әскери қызметші, 400-ден астам бронды машина, автотехникалар, 80-нен астам ұшақтар мен тікұшақтар қатысады", - делінген ведомство мәлімдемесінде.

Сонымен қатар, атап өтілгендей, жауынгерлік парадта офицерлер мен сарбаздардың кәсіби дағдысы, бөлімшелердің іс-қимыл тәртібі, сондай-ақ Қазақстан армиясының қарамағындағы қазіргі заманғы қару-жарақ пен әскери техниканың жауынгерлік мүмкіндігі көрсетіледі.

Еліміздің Қарулы Күштерінің барлық түрлері мен тектерінің жеке құрамы құрлықтағы, әуедегі және теңіздегі кәсіби біліктіліктерін танытады. Мұнда әртүрлі құрамалардың, соның ішінде барлау және арнайы мақсаттағы әскери бөлімдер мен бөлімшелердің өзара іс-қимылы паш етіледі.

Қазіргі кезде "Отар" 40-ыншы әскери базасында қару-жарақ пен әскери техниканы және полигон нысандарын дайындау қызу жүргізілуде. 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні Жауынгерлік парад тікелей эфир арқылы таратылады. Онда көрсетілетін жауынгерлеріміздің іс-қимылын бүкіл еліміз тамашалайтын болады.

Сонымен бірге Каспий акваториясындағы Қазақстан Искери-теңіз күштері кемелерінің жауынгерлік атысы онлайн-режимінде таратылады.

Айта кету керек, "Казахстан инжиниринг" ұлттық компаниясы" АҚ құрамына кіретін қазақстандық қорғаныс-өнеркәсіптік кешені кәсіпорындары өндіретін әскери техника, қару-жарақтар және байланыс құралдарының жаңа және жетілдірілетін үлгілері таныстырылады.

Нақты айтқанда, әскери, азаматтық және екі бағыттағы арнайы техника, оның ішінде штабтық, әскери, медициналық, іздестіру-құтқару машиналары, радиолелелік станциялар, қар мен батпақта жүретін "Тұлпар", EC-145 тікұшағы, ұшқышсыз ұшу аппараттарының үлгілері таныстырылады.

Бұдан өзге, Қазақстанның күш құрылымдарына арнап өндірілетін бұйымдарды көрсету жосапрланған - түнгі көру құралы, жылувизорлық көздегіштер, әр түрлі модификациядағы бронежилеттер, сонымен қатар басқа да жеке қорғаныс құралдары.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны