25.01.2008, 14:59 1711

Қазақстан қару-жарақ пен әскери техниканың Парижде өтетін көрмесіне қатысады

Қазақстан қару-жарақ пен әскери техниканың Парижде өтетін көрмесіне қатысады

Астана. 25 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан қару-жарақ пен әскери техниканың биыл жазда Парижде өтетін көрмесіне қатысады, деп хабарлайды агенттік ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазақстан мен Францияның әскери мекемелерінің өкілдерінің ҚР Қорғаныс министрлігінде өткен кездесуі барысында Франция қорғаныс министрлігінің қару-жарақ жөніндегі бас инженері генерал Ален Кост Қазақстан қарулы күштерінің басшылығын биыл жазда Парижде өтетін қару-жарақ пен әскери техниканың көрмесіне келіп қайтуға шақырды.

"Қазақстандық әскерилер көрмеге жай баруды ғана емес, әскерге жуырда берілетін жаңа қару-жарақ үлгілерімен Парижді тәнті етеді. Атап айтсақ, Қазақстан жаңартылған артиллериялық жүйелер : Д-30 "Семсер" гаубицасы, 120 миллиметрлік "Айбат" минометі мен "Найза" атты дүркін-дүркін оқ жаудыратын реактивтік жүйесін паш етеді, -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Министрлікте өткен кездесу барысында екі жақты әскери-техникалық ынтымақтастық, екі жақты келісімдерге қол қою перспективасы секілді мәселелер талқыланды.

ҚР қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Қажымұрат Маермановтың айтуынша, Францияның "Талес" кәсіпорнының өнімдері техникалық талаптар бойынша "Қазақстан армиясын толық қанағаттандырады. Атап айтсақ, зымыран әскерлері мен артиллериялар жабдықталған радиостанциялар талап үдесінен шықты".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны